29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Ұстаздың дүниеге қызыққан жас ғалымға айтқан насихаты

Ұстаздың дүниеге қызыққан жас ғалымға айтқан насихаты

Ислам тарихы

Бірде әл-Хаким ас-Самарқанди деген ғұлама үйіне Әбу Ахмет әл-Ияди деген дарынды жас ғалымды қонаққа шақырады.

Дастарханға жайғаспас бұрын үй иесі қонақтың қолына су құяды. Құйғанда да жай құймай сол сәтті пайдаланып, өзінің һәм ұстазы имам Матуридидің өкшесін басып келе жатқан талабы таудай жас ғалымға насихат айтпақшы болады, өйткені ол оның Сарайдағы сұлтандармен, бай-бағландармен жақын араласып жүргенін естіп білген-тін. Содан ол жас ғалымнан:

 «Уа Әбу Ахмет! Осы қолыңа құйылған су дәрет алуға жарай ма?», деп сұрайды, сонда ол:

 «Жоға ұстаз, бұл қолданылған су емес пе, белгілі деңгейде таза саналғанымен тазалаушы сипатқа ие емес қой, сондықтан да бұл су дәрет алуға жарамайды», деп жауап береді.

 Сонда жас ғалымнан осы жауапты күткен әл-Хаким ас-Самарқанди оған:

«Қолға құйылған су дәрет алуға қалай жарамайтын болса, дін жолында алған білімнің де, бұл дүниеге ғана арналған жағдайда, о дүниеде еш пайдасы болмайды», деген екен…

Мұндағы әл-Хаким ас-Самарқанди – Имам Матуридидің шәкірті болған деген дерек бар. Ол мұндай тәркі дүниені ұстазы Имам Матуридиден үйреген болуы керек, өйткені Имам Матуридидің дүние мен мәнсапқа мүлде қызықпаған, бар ғұмырын тек ғылым мен ағартушылықа арнаған ұлағатты ғалым болғандығы көптеген деректерден мәлім.

материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: