21
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Пайғамбарлардың басқа адамдардан ерекшеліктері

Пайғамбарлардың басқа адамдардан ерекшеліктері

Ислам тарихы

Пайғамбарлар – басқа адамдар секілді ішіп-жеуге мұқтаж, күнделікті күйбең тірлігін өз қолымен істейтін, әртүрлі себептердің салдарынан ауырып, сырқаттанатын, өлімнің дәмін тататын пенделер.

Олар да – басқалар секілді Алланың құлдары, оларда ешқандай да тәңірлік сипаттар жоқ. Тек мына істерде ғана олар басқа пенделерден ерекшеленеді:

1. Оларға Алла Тағаланың адамзатқа деген жолдауын жеткізу міндеті жүктелген.

2. Алла Тағала оларға бұл жолдауды Жәбірейіл періште арқылы жіберді немесе тікелей дәнекерсіз тілдесті және олардың көрген түстері уахи деп есептеледі.

3. Алла оларды күнә істерден сақтаған.

4. Алла оларды өздерінің пайғамбарлықтарын растау үшін мұғжизаларымен қуаттаған.

5. Алла олардың жалбарынып, тілегендерін қабыл еткен.

6. Олардың жаны өздерінің рұқсатымен алынған.

7. Олар жан тапсырған орындарда жерленген.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: