03
Жұма,
Сәуір

һижри

Мұсылманға арналған 10 өсиет

Мұсылманға арналған 10 өсиет

Ислам тарихы

Намазға сақ болыңыз! Намаз – діннің тірегі. Намаздың Жаратушыңызбен байланыс екенін ұмытпаңыз. Намазды тәрк еткен жан Ислам дінінен бас тартқанын ескеруі тиіс.

Аллаға шүкір етіңіз! Екі дүниенің нығметі үшін шүкір етуді ұмытпаңыз. Жаратқанға шүкірлік ету ризық-несібені арттырып, зияннан сақтайды.

Күнәдан арылыңыз! Күнә – қиындықтың, қайғы-мұңның есігі. Күнәға жақын жан Алладан алыстап, Оның қаһарына ұшырайды.

Тілді тыйыңыз! Он күнәнің тоғызы – тілден. Тіліне ие болмаған жан адамдармен қарым-қатынасын бұзады. Жаратушының жазасына ұшырайды.

Қызғаныштан құтылыңыз! Қызғаныш – жүректің дерті. Көреалмаушылық сауапты істерді жояды. Кімде-кім көреалмаушылық қылса, Алланың бергеніне қанағаттанбай, өзгелерге жамандық тілейді.

Сараңдықтан сақ болыңыз! Сараңдық – жүректің кеселі. Сараңдық адам бақытына тосқауыл. Кімде-кім сараң болса, Алланың бергенінен бермейді. Алланың басқаға бергенінен де алмайды.

Тәкаппарлықты тәрк етіңіз! Менмендік ақылды адастырады, ақиқаттан алыстатады. Тәкаппар жан өзінің кемшілігін көрмейді, өзгені құрметтемейді.

Ашу-ызадан аулақ болыңыз! Ашу – от. Жақсылықты жалмайды. Ашуын басқармаған адам өзін басқара алмайды. Ал өзін басқара алмаған адам шариғат шеңберінен шығады.

Жалқаулықты жеңіңіз! Жалқаулық – ерік-жігердің жауы. Еріншектің ертеңі бітпейді. Жалқау жауапсыз болады, мақсатына жетпейді.

Алғыс айтыңыз! Адамға алғысы жоқтың Аллаға шүкіршілігі жоқ. Жақсылықты білмейтін жан нығметтің қадір-қасиетін білмейді.

материал «Ислам діні» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: