Жамиғы мұсылман ғұламаларынан:
«Алла Тағала Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.с.) бес түрлі керемет берген: есім, Өзінің тікелей жауап қатуы, мол сый, қателіктің кешірілуі, ризашылық. Есімі туралы айтсақ, Алла Тағала барлық бұрынғы пайғамбарларын өз есімдерімен атап шақырса, Пайғамбарымыз Мұхаммедті (с.а.с.) Расулалла (Алланың елшісі) деп шақырған. Ал өзінің тікелей жауап қатуына келер болсақ, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) қандай дұға қылса да Алла Тағала өзі тікелей жауап берген. Бұл қасиет басқа пайғамбарларға берілмеген еді. Мол сыйға келер болсақ, Алла Тағала оған (с.а.с.) Кәусар бұлағы мен ұлы шапағатты сыйлады. Ал қателікке келер болсақ, Алла Тағала Оның (с.а.с.) бұрынғы-соңғы қателерінің кешірілгендігін айтқан. Алланың разылығына келер болсақ, Пайғамбар Мұхаммедтің (с.а.с.) барлық фидиясы, садақасы, қабыл болынды».
материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,
ummet.kz