Ғалымдар дұға жасап нәтижесін күтпей сабырсызданған адамның халін «ол көктемде дән сеуіп немесе ағаш отырғызып, оған күтім жасап, алайда жеміс беретін уақытты күтпей тастап қойған шаруа сияқты» деп түсіндіреді.
Ықыласпен әрі дұрыс жасалған дұға ешқашан құрдымға кетпейді. Сол себепті, мүмін Жаратушысының мейірімінен, жәрдемінен үміт үзбеуі тиіс.
Бір хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Мұсылман баласы күнәлі емес және туысқандық қатынасты үзуге бағытталмаған бір дұға жасаса, Алла оған үш жауаптың бірін береді: не дұға-тілегін лезде кешіктірмей қабыл етеді, не қиямет күніне сақтап қояды немесе дұға-тілегіне тең келетін жамандықты қайтарады», – дейді. Сонда мұны естіген сахабалар: «Ондай болса, дұғаны көптен-көп жасайық», – дейді.
Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оларға: «Алла одан да көп береді (яғни, Жомарт)», – дейді.
материал «Дұғамен өміріңді өзгерт» кітабынан алынды,
ummet.kz