10
Жұма,
Қаңтар

һижри

Шағбанның 15-і күні ораза ұстау – мұстахаб амал

Шағбанның 15-і күні ораза ұстау – мұстахаб амал

Ислам тарихы

Бәраат түнінен соң келесі күні, яғни Шағбанның 15-і күні ораза тұтқан мұстахаб амал болып саналады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы оразаны тұтуды өсиет еткен. Алайда бірнеше ғалымдардың көзқарасы бойынша бұл хадистер сенімді болып табылмағанымен де Шағбан айының бірінші жартысындағы тұтылған оразаның сауабы мол екендігі аңғарылады. Және де сүйікті
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Шағбан айында көп ораза тұтқан болатын. Үмметтің үлкендері (сәләфус-салихтар) Шағбан айының 15- і күні ауыз бекіткен. Амалға асырылып отырған бұл тәжірибеден олардың бұл хадисті сенімді деп танығандарын көреміз.

Сондықтан да Шағбан айының 15-і күні ерікті түрде сауабынан үміт етіп, нәпіл ораза тұтуға кеңес береміз. Сондай-ақ қаза болған оразаны ұстауға да болады.

материал «Ислам айлары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: