27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Пітір садақаны сырқат адамның еміне берсе бола ма?

Пітір садақаны сырқат адамның еміне берсе бола ма?

Ислам тарихы

Егер науқас кісі кедейлер санатында болса, оның еміне пітір садақаны немесе зекет ақшасын беруге болады. Ислам ғалымдары осылай деген. Себебі, зекет берілетін орындарды айтқан аятта ең бірінші «кедейлер мен міскіндер» айтылады[1].

Ал енді тапқан табысы ішіп-жемінен артылмай, еміне ақша таппай отырған науқас кісілер де Құранда айтылған «кедей мен міскіндер» санатына жататындықтан оның еміне берілген пітір садақасы - пітір болып есептеледі. Бұл жайында Ислам ғалымы Юсуф әл-Қардауи былай деген: «Аз қамтылған науқастар – (Құранда айтылған) бірінші және екінші зекет берілетін орындарына, яғни, кедейлер мен міскіндір қатарына жатады. Кедейлер мен міскіндер ішіп-жемге және киім-кешекке мұқтаж болғаны сияқты, ауырғанда емделуге де мұқтаж»[2].

Ендеше, кедей санатындағы науқастың еміне пітір садақасын беруге болады, берілген пітір садақасы есептеледі. 

Ең дұрысы – Аллаға мәлім!

[1] Құран Кәрім: «Тәубе» сүресі, 6 аят.
[2] Доктор Юсуф әл-Қардауи: «Усулуль Амалаиль Хойри филь Ислам».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: