17
Сейсенбі,
Қыркүйек

һижри

Қадір түнінің Рамазанның 27-не болатыны хадистерде айтылған ба?

Қадір түнінің Рамазанның 27-не болатыны хадистерде айтылған ба?

Ислам тарихы

Қадір түні қай түні келетіні жайында ғалымдар арасында әртүрлі тұжырым айтылған.

Бірақ, көпшілік ғұламалардың тоқтамы бойынша, қадір түні – рамазан айының 27-ші түні. Өйткені, Ахмәд ибн Хәнбәлдің хадистер жинағында келтірілген бір риуаятта Алланың елшісі (с.а.у.) былай деген: «Қадір түнін іздестірген кісі оны жиырма жетісінің түнінде іздестірсін».[1]. Хадистің  дәрежесі – «сахих». Сахаба Абдулла ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген.  

Бұнымен қатар «Сахих Муслимде» келген риуаятта сахаба Үбәй ибн Кәъбтің мынадай бір сөзі бар: «Аллаға ант етейін, одан басқа құдай жоқ, қадір түні – Рамазан айында. Аллаға ант етейін, оның қай түні болатынын мен білемін. Ол түнді Алла  елшісі құлшылықпен өткізуімізді бұйырған. Ол түн – жиырма           жетісіндегі көркем түні болмақ. Оның белгісі: қадір түні болатын күні күн шуақсыз әппақ болып туады»[2].  

 

[1] Ахмәд ибн Ханбәл - №4793.
[2] Сахих Муслим, Китабус салатиль Мусафирин. №1278 хадис.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: