30
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Өмір тым қысқа: тез кешір, шын сүй, риясыз күл

Өмір тым қысқа: тез кешір, шын сүй, риясыз күл

Ислам тарихы

Өзіңнің қаншалықты қайратты екеніңді мықты болудан басқа амал қалмағанда анық сезінесің.

Сен бір адам үшін ғана ғажап болғың келеді. Ал, ол сені түкке тұрғысыз деп санайды. Өмірдегі ең үлкен қатыгездік осы.

Сізді тек отбасыңыз бен ең жақын достарыңыз ғана жақын білсін. Тек солар ғана сізді шын жақсы көреді.

Әлемнің бар мүмкіндігі уысыңызда бола тұра жаныңызда сүйіктіңіз болмаса, бәрі бекер...

Сөз бастамас бұрын, тыңда. Әрекет етпес бұрын, ойлан. Сынамас бұрын, біл. Бас тартпас бұрын, тәуекел ет.

Тәлейіңе жазылса, өмір жолында сан соққыға шыдарсың, содан ғана рухыңа жігер бітеді. Өмір сүру мағыналы бола түседі. Мағынаны әр нәрседен табуға болады.

Күлкімді жақсы көремін. Күлкімнен өзімді танимын.

Өсек-аяңға мән бермейтін болдым. Себебі, өзіме сенімдімін.

Сенің терің қағаз емес, пышақ салма. Сенің жүзің бетперде емес, ешкімнен тығылма. Сенің тәнің кітап емес, мінеп, әуре болма. Сенің өмірің кино емес, әлден бітіріп тастама.

Егер шынымен бақытты болсаң, өзгенің пікіріне ешқашан алаңдамайсың.

Қателік жасап, оны сезіну – даналыққа бастайды. Қатеңді түсініп, жасырып қалмау – әділетті болудың дәлелі.

Жетістікке жету жолында еш қобалжу маған кедергі емес.

Өткен сынақтың бәрі менің бүгінгі болмысымды қалап шығарған кірпіштер.

Адамды сыртқы әлпетіне қарап сынамаңыз. Бұл үлкен қателік.

Өткен өміріңіз жаныңызға жақсылық дәнін ексін. Керісінше емес.

Өмірде тек өзін жеңе білген адам ғана нағыз жеңіске жетеді. Өзінің үрейін, жалқаулығын, сенімсіздігін жеңген адам бақытты.

Жалған жақсылық шынайы ашудан да жаман.

Жаның ауырса, сен әлі тірісің. Өзгенің қайғысын сезсең, әлі адамсың.

Шешуге тиісті сан сұрақтар бар еді, ал мен тек оларды ақ дәкемен орап, жылы жауып қоя салғанды ғана білдім. Соған өкінемін.

Өмір тым қысқа. Сондықтан ережені бұз. Тез кешір. Ақырын сүйіс. Шын сүй. Риясыз күл.

Кісіге күнің қарамайтыны өмірді арзандатып жібереді. Ең қиыны – бәрін өзің біліп жасау.

Өзіңнен өзің ұялатын қателіктер болады.

Жаныңдағы адамдар тек көңіліңнің хошын келтіруі тиіс. Олай болмаса, олар сенің жаныңда болуға тиіс пе?

Өмірде қанша зорлық-зомбылық, қиындық көрсең де, адам баласына деген мейірімді жоғалтып алма.

материал «Өзгеріс ойдан басталады» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: