01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Ұмытылған сүннет: Ашық ыдыстарды жауып қою

Ұмытылған сүннет: Ашық ыдыстарды жауып қою

Ислам тарихы

Жәбир ибн Абдулладан (Алла олардың екеуіне де разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Түн батқан кезде (немесе: кеш түскен кезде) балаларыңды [қастарыңда] ұстаңдар. Өйткені, бұл уақытта шайтан [мен оның қызметшілері жер бетіне] тарайды. Түннің бір бөлігі өткеннен кейін, [балаларыңды] жібере беріңдер. [Сонымен қатар түн батқанда] есіктерді жауып, Алланың есімін зікір етіңдер. Өйткені, шайтан жабық есікті аша алмайды. Және бөрдектеріңді қымтап байлап, Алланың есімін зікір етіңдер. Сондай-ақ ыдыстарыңды жабыңдар немесе [кем дегенде] олардың үстіне бір нәрсе қойып кетіңдер және шамдарыңды өшіріңдер», - деді (Муслим, No 1293).

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: