26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әлеуметтік желіде жазып жатқан сөздеріміз амал дәптерге жазылып жатыр ма?

Әлеуметтік желіде жазып жатқан сөздеріміз амал дәптерге жазылып жатыр ма?

Ислам тарихы

Құранда: «Сендердің не істеп отырғандарыңды құрметті жазушы періштелер біледі», - делінген[1].

Әлеуметтік желіде отырған адам әйтеуір бір нәрсе істейтіні анық. Біріміз жаңалық оқып отырсақ, келесіміз жолдастарымыздың бөліскендерін қызықтаймыз. Үшіншіміз, таныстарымен шүйіркелесіп, әңгіме-дүкен құрамыз. Бұның бәрі сол сәттерде істеліп жатқан іс-әрекеттер.

Тағы бір аятта былай дейді:

«Аузынан бір сөз шығарса болды, алдында аңдушы (періште) дайын»[2].

Әлеуметтік желіде жазғандарымыз – ауызбен айтқымыз келген сөздер екені мәлім. Демек, жазбаша түрде болса-дағы, айтқан сөздеріміздің бірі де қалмай амал дәптерге түсері анық.  

Пайғамбарымыз айтады: Жазушы періштелер тек үш жағдайда ғана, адамнан ажырайды: жүніп болған кезде, әжетханада және жуынып жатқанда. Қалған уақыттың бәрінде бізбен бірге.

Ендеше, әлеуметтік желіде де әрбір жазған сөзімізге мұқият болуымыз шарт, ағайын. Өйткені, ондағы жазғандарымыз амал дәптерімізге де жазылуда.

 

[1] Инфитар сүресі, 9-10 аяттар.
[2] Қаф сүресі, 17-18 аяттар.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: