28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Саусақты шытырлатудың үкімі қандай?

Саусақты шытырлатудың үкімі қандай?

Ислам тарихы

Шариғи тұрғыда:

Мына үш жағдайда саусақты шытырлату – мәкрүһ:

  1. Намаз оқып тұрған уақытта[1];
  2. Мешітте намаз уақытын күтіп отырған мезгілде[2];
  3. Арнайы намаз оқу үшін мешітке шыққан кезде.

«Бұдан тыс уақыттарда, қажет болып жатса саусақты шытырлатудың күнәсі жоқ. Қажетсіз кезде шытырлату - жеңіл мәкруһ» - деген дін ғалымдары[3].  

Медициналық тұрғыда:

Ортопед-травматологтар саусақты шытырлатудың зияны бар деп есептейді. Ол буындардың бұзылуына алып келеді екен. Саусақ шытырлату – буындардың босауына әкеліп соғады. Буындары тайғыш келеді. Тіпті «артрит-шорбуын» сырқатына шалдығуы да мүмкін деген болжам бар.

 

[1] Ибн Мәжә, Насбур Риуая.  
[2] Ахмад ибн Ханбәл; әт-Тирмизи.
[3] Ибн Ғабидин, Раддул Мухтар – 2/409 бет. Китабус сала.

 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: