Мен бір адамнан қарызға кітап алып едім ол кісі қайтыс болды, енді сол қарызды кейін калған отбасына берсем қарыздан құтылған болам ба? Қияметке қалып қоймай ма?
Дін ғалымдарының айтысына қарағанда, мархұмнан көзі тірісінде қарыз алған адам, қарызын мархұмның мұрагерлеріне тапсыруы тиіс. Өйткені, мархұмның басындағы дүниелері мұрагерлеріне өтетіндіктен, оның алашағы да соларға өтелуі керек. Сондықтан да, бақилық адамның туыстарын тауып (әйел, бала-шағасы, ата-анасы немесе бірге туған бауырлары), солардың қолына табыстауыңыз керек. Ғаламтор жайлаған бұ заманда туыстарын табу қиынға соқпас деген ойдамыз. Алла баршамызға екі дүние бақытын сыйласын!
Ең дұрысы – Аллаға мәлім!
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz