Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) киім кию әдебін сақтаған.
Алла Тағаланы есіне ала отырып, киімді оң жағынан, ал шалбарды сол жағынан бастап кигенде: «Менің не күшім, не қуатым жетпейтін осы киімді маған беріп, кигізген Аллаға шүкір»-деп дұға қылатын. Ал жаңа киімді алғаш кигенде Алладан оның қайырын және жамандықтан қорғауды сұраған.
Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Киінгенде және дәрет алған кезде оң жақтан бастаңдар», - дегенін жеткізеді (Әбу Дәуд, No 4141).
Бұл жерде тек қана киім, яғни, жейде немесе шалбар, туралы емес, сондай-ақ, аяқ киім мен мәсіге де қатысты айтылған («Әл-Мирқат», 409/2).
материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,
ummet.kz