29
Жексенбі,
Қыркүйек

һижри

Сыртыңнан гөрі ішіңді көбірек әсемде

Сыртыңнан гөрі ішіңді көбірек әсемде

Ислам тарихы

Сыртыңнан гөрі ішіңді көбірек әсемде. Сыртың – халықтың, ішің Хақтың назары түсетін жер. (Жәләләддин Руми Мәуләна)

Біз сыртпен әуре боп жүргенде ішімізді ұмытып кетеді екенбіз. «Ел не дейдінің» дертінде жүргенде, «Құдай не дейдінің» уайымын ұмытып кете береміз. Сырт көзге тыраштанып жүргенімізде, ішкі көзімізді шел басады. Содан кейін ішіміз қуыс, кеудеміз бос, сыртымыз қалмаған. Сырласатын жан да таппаймыз.

Ал Мәуланалар Шәмсін тауып, қамалын ап, алты айлап сырласып жата берген. Себебі, олардың сырты сүрең болғанымен, іші толған сыр еді. Сырын алты ай ақтарса да, сарқылмаған. Сырына сыр қосылған.

материал «Тасаууф тұнығынан» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: