Алла елшісі (с.ғ.с) : «Шын мәнінде, адамдардың арасында Алланың таңдаулы құлдары бар», - дейді. Сонда сахабалар: «Уа, Алла елшісі, олар кімдер?» - деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с): «Олар – құран иелері. Олар – Алланың нағыз әрі таңдаулы құлдары», - дейді.
Біріншіден, таза жүрек. Құран адамдар үшін емес, тек Алланың разылығы үшін жатталуы керек. Ол кезде Алла Өзі көмектеседі, құранды қалай жаттап шыққаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз.
Екіншісі, ұқыптылық. Күнделікті аз болса да сапалы жаттау, асықпау. Құран біздің дүниеде де, ақыретте де серігіміз. Сол үшін салғырт қарамаймыз. Тек жаттап қоймай, мағынасына да мән береміз. Меніңше, жаттау – құранмен танысудың бастамасы ғана. Маңыздысы – аяттарды түсініп, соған сай амал ету.
Үшіншісі, тәкаппарлықтан сақтаныңыз. Себебі, адам құран жаттап жүрмін деп өзін өзгелерден биік санаса, Алла алдында дәрежесі түседі. Алла тәкаппарларды сүймейді.
материал «Оқы да, жоғарыла» кітабынан алынды,
ummet.kz