27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Мешітке кірген кезде салауат оқудың маңыздылығы

Мешітке кірген кезде салауат оқудың маңыздылығы

Ислам тарихы

Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді:

«Сендердің біреулерің мешітке кірген кезде Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сәлем айтып, былай десін: «Уа, Алла, Өз мейіріміңнің есіктерін аша гөр» (Аллаһуммә фтәх ли әбуәбә рахмәтикә), ал шыққан кезде Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тағы сәлем айтып, былай десін: «Уа, Алла, мені рақымыңнан қуылған шайтаннан қорғай гөр» (Аллаһуммә, и‘сымни минә-ш-шәйтани-р-ражим.) (Ибн Хузайманың «Сахихы», № 452).

Абдулла ибн әл-Хасаннан, ол анасы Фатима бинт әл-Хусейннен, ал ол әжесі Фатимадан жеткізеді: «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мешітке кірген кезде салауат оқып: «Раббым, күнәларымды кешіріп, мен үшін Өз мейіріміңнің есіктерін аша гөр» (Рабби-ғфир ли зунуби, уә фтах ли әбуәбә рахмәтикә) дейтін. Ал мешіттен шыққан кезде қайтадан салауат оқып: «Раббым, күнәларымды кешіріп, мен үшін Өз игілігіңнің есіктерін аша гөр» дейтін». (Рабби-ғфир ли зунуби уә фтәх ли әбуәбә фәдликә.) (Әт-Тирмизи, № 314).

материал «Салауат байрағы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: