23
Дүйсенбі,
Қыркүйек

һижри

Түнде беті ашық қалған суды, тамақты жеуге рұқсат па?

Түнде беті ашық қалған суды, тамақты жеуге рұқсат па?

Ислам тарихы

Дінімізде тамақтың бетін жабу және су тұрған ыдыстың қақпағын жауып жүру ұнамды амал, мұстахаб іс. Бұған байланысты ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) өзінің асыл сөзінің бірінде былай деген:

«Алла елшісі былай деді: «Түнде жатарда торсықтың аузын буыңдар, есікті құлыптаңдар. Тағамдар мен сусындардың бетін жабыңдар. Шайтан келіп есіктің ашық тұрғанын көрсе үйге кіреді. Торсықтың бетін буылмағанын байқаса одан ішеді. Ал, есік жабық болып, торсықтың аузы буулы болса, шайтан байлауды шеше алмайды, жабық есікті аша алмайды. Сендердің біреулерің ішінде суы бар ыдысын жабатын ештеңе таба алмаса, көлденеңнен бір шыбық қойсын»[1].

Ыдыстардың бетін «бисмиллә» деп жапқаннан соң, шайтанның залалы тимейді әрі микроптар түспейді. Демек, тамақтың бетін жауып жүрудің — дене тазалығымен қоса, рухани тазалығы да бар екен.

Алайда, бұл дегеніміз беті ашық қалған тамақты жеуге болмайды дегенді білдірмейді. Хадистегі бұйрық «мәндүб» үкімін тудырады дейді ғалымдарымыз[2]. Яғни, Пайғамбарымыз айтты деп ыдыстың бетін жауып жүрсек, онымыз үшін сауап алады екенбіз.

Ендеше, ішіне зиянды нәрсе түспегеніне сенімді болсаңыз, беті ашық қалған тамақты жеудің күнәсі жоқ. Әрідесе, беті жабылмаған суды ішуге де, онымен дәрет алуға да бола береді, бастысы ішіне лас нәрсе және зиянды нәрсе түспеген болуы тиіс. Ең дұрысы – Аллаға мәлім! 

[1] «Сахиху Ибн Хиббан». №1274 хадис.
[2] Алиуюль Қари: «Мирқатуль Мәфәтих».

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: