21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Алланың разылығына себеп болатын разылық

Алланың разылығына себеп болатын разылық

Ислам тарихы

Расында қиындықтарға жақсы да, жаман да душар болады. Кім оған наразы болса, оған Алланың ызасы мен дүние мен ақыреттің қасіреті болмақ.

Ал кім оған разы болса, оған Алланың разылығы болады. Ал Алланың разылығы жаннат пен оның ішіндегі бүкіл заттан артық. Өйткені Алла Тағала былай деді: "Ал Алланың разылығы өте зор табыс" ("Тәубе" сүресі-72). Яғни Ғадын жәннаты мен оның көркем орындарынан артық.

Бұлар қиыншылықтың пайдаларынан бізге жеткен аз ғанасы ғана. Алла Тағаладан дүние мен ақыретте кешірім мен аманшылық сұраймыз. Расында біз қиыншылықтағы кісілер емеспіз. Яғни біздер басымызға келген қиыншылықтарға лайықты түрде сабыр ете алмаймыз. Сол себепті біз ол пайдалардан құр қаламыз.

Алла Тағала Өзі разы болып, жақсы көретін істеріне бізге тәуфиқ берсін. Біздерді қиыншылықтар мен пәледен сақтасын. Аллаға шүкір оның мейірімімен пайдалар тӘмамдалды. Мұхаммедке оның отбасына, сахабаларына Алланың салауаты мен сәлемі болсын. Алла бізге жетіп асады, Ол нендей жақсы ие. 

материал «Сынақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: