19
Сенбі,
Қазан

һижри

Ұмытылған сүннет: Жаңбырдың алғашқы тамшыларын денеге тигізу

Ұмытылған сүннет: Жаңбырдың алғашқы тамшыларын денеге тигізу

Ислам тарихы

Сәбит әл-Бунаниден Әнәстың (Алла оған разы болсын) былай деп айтқанын жеткізеді:

«[Бірде] Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қасында болғанымызда жаңбыр жауа бастады. Алла Елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) оның [денесіне] жаңбыр тамшылары тию үшін [сыртқы] киімін [аздап] ашты. Біз: «Уа, Алланың Елшісі, сен неге бұлай істедің?» - деп сұрадық. Ол: «Өйткені, оны Раббымыз жақында ғана [жаратқан]», - деді (Муслим, № 898( 2080).

Бұл - әлі пұттарға табынатындар мекендейтін жерге түспеген, күнәһарлардың қолдары әлі тимеген су. Сондықтан одан игілік-береке алуға болады  («Фәтх әл-Мулһим», 397/2).

Имам ән-Нәуәуи: «Бұл хадистің мағынасы: жаңбыр Алланың рақымы және Оның қалауымен жауады. Жауып жатқан тамшылар бірнеше сәт бұрын ғана жаратылған, сондықтан олардан береке іздеуге (тәбәррук) болады», - деп жазады («Шарх Сахих Муслим», 195/6).

Сондай-ақ, бұл Алла Елшісінің (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) барлық игілікті істерді үйреткенінің және Алла Тағалаға жақындататын барлық әрекеттерді толық үйреткенінің көрсеткіші  («Фәтх әл-Мулһим», 397/2).

материал «Ұмытылған 40 сүннет» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: