27
Жексенбі,
Қазан

һижри

Үміті зор, тәубесі қысқа пенделерден болма

Үміті зор, тәубесі қысқа пенделерден болма

Ислам тарихы

Ей, адам баласы!

Менен саған ырзығын келмеген бір күнің жоқ. Ал сенен маған періштелер әр түні жаман іс-амалыңды алып келіп тұрады. Менің берген ырзығымды жейсің, бірақ маған қарсы шығасың. Маған дұға жасап сұрайсың, мен дұғаңа жауап беріп, менің жақсылығым саған түсіп тұрады, алайда оның орнына сенің жаман істерің маған жетуде. Мен сенің неткен керемет қожайыныңмын! Ал сен менің неткен жаман құлымсың! Менің саған берген нәрсемді айтпайсың. Сенің бірінен соң бірін жасайтын жаман істеріңді жасырамын. Мен сенен ұяламын, ал сен менен ұялмайсың. Мені ұмытасың, ал, басқаны еске аласың. Адамдардан қорқасың, ал менен қорықпайсың. Олардың зомбылығынан сескенесің, ал менің ашуымнан қорықпайсың.

Ей, адам баласы!

Мынадай пенделерден болма: үміті зор, бірақ тәубесі қысқа. Амалы жоқ, бірақ ақыретті көксейді. Тақуа діндардың сөзін айтады, бірақ екіжүзді мұнафиқтың ісін істейді. Ырзық берілсе қанағат қылмайды, ырзығы тарылса сабыр етпейді. Жақсылық істеуді бұйырады, бірақ өзі істемейді. Жаман, күнә істерден тыйяды, бірақ өзі тыйылмайды. Салиқалы кісілерді жақсы көреді, бірақ өзі олардан емес. Мұнафиқтарды жеккөреді, бірақ өзі солардан. Өзі амал етпейтін нәрселерді айтады. Бұйырылмаған нәрсені істейді. Басқасынан опалықты күтеді, өзі опасыз.

Ей, адам баласы!

Әр жаңа күнде жер саған тіл қатады. Ол былай дейді: «Ей, адам баласы, бүгін менің үстімде жүресің, ертең менің қойнауымда мұңаясың. Бүгін менің үстімде қалаған нәрселеріңді жейсің, ертең менің қойнауымда сені құрттар жейді. Ей, адам баласы! Мен – қорқынышты үймін. Мен – жауапқа тартар үймін. Жапа-жалғыз қалар үймін. Қап-қараңғы үймін. Мен – жыландар мен шаяндардың мекенімін. Ендеше, мені ізгі істеріңмен тұрғыз, жаман істеріңмен мені қиратпа!» дейді жер...

материал Имам Ғазалидің «Ей, балам» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: