06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Бұл дүние – жалдап алған үйің, ақырет – өз үйің

Бұл дүние – жалдап алған үйің, ақырет – өз үйің

Ислам тарихы

Ашуланған кезде артық сөйлеме және сөздеріңді өзің бақыла, оларға өзіңді басқаруға жол берме... Өйткені ашу үстінде айтылған сөздердің көбі кейін өкініш тудырады.

Бұл дүние – «жалдап алған үй». Оны меншігіңдей көру – өзіңді алдау. Қанша тырыссаң да, бір күні бәрін тастап кетесің. Ал ақырет – «өз үйің». Оның іргетасын қазір қалап жатсың, сондықтан игі істеріңді жақсылап атқар.

Біздің арада қарапайым адамдар өмір сүреді; Бұл өткінші дүниеде олардың байлығы, беделі, лауазымы жоқ... Бірақ...! Аспанда олардың байлығы ұлы; сарайлары салынып, бақтары жайқалып жатыр. Сондықтан, қайырымды істерді жасырын түрде көп жасауды әдетке айналдырыңдар.

Жаны сұлу адамдардың жүрегінде қанша қайғы болса да, олар жақсылық жасауды және айналасына қуаныш сыйлауды тоқтатпайды. Сезім таразысында біз әр таң сайын үлкен ризашылықпен оянамыз, өйткені өмірдің ауыр күндерін өзімізбен алып жүрмейміз. Олар өткенде қалып, біз оларды жеңіп шыққанымызбен мақтанамыз. Бақытты сәттеріміз әлі де осында: отбасы, достар, жұмыс, оқу, денсаулық, азық-түлік, баспана – және Алланың сансыз нығметтері. Егер ақылың осы сезімнің ұлылығын түсініп, жүрегің Аллаға мақтау айтып, шүкіршілік етсе, сен бұл дүниенің бар байлығын иемдендің деген сөз.

Құрметті досым, Үмітсіздік пен мұңға батқан жан, қайғырма. Қайғы – сені іштен жейтін от қана, ол сүйектеріңді күйретеді, ал үмітсіздік – оның тек бір көрінісі. Қайғының қапасынан шық та, өмірге қайта орал. Сен мұндай күйге лайық емессің, жаның да бұған лайық емес. Сен өмірді тыныштық пен сабырлықта сүруге лайықсың. Өмірді қайта құру үшін үнемі әрекет ету қажет.

материал «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: