25
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Дұға қабыл болса – рахмет, қабыл болмаса – хикмет

Дұға қабыл болса – рахмет, қабыл болмаса – хикмет

Ислам тарихы

Дұғада зая кету деген нәрсе жоқ. Қабыл болса – рахмет, қабыл болмаса – хикмет!

Салиқалы, тақуа кісілер қабыл болған дұғасынан гөрі қабыл болмаған дұғаларына қатты қуанатын. Өйткені қабыл болғаны – өз қалаулары, қабыл болмағаны – Алланың оларға деген басқа қалауының болғаны. Бірақ қабыл болса да, болмаса да дұғаның ғибадат екенін ұмытпау керек. Екі жағдайда да біз сауап ала береміз.

Қабыл болмай жатса, сен қимай, қайталап жүрген қателіктерің бар шығар, есіңе түсіріп көр!.. Кешігіп болмай жатса, онда саған зарары тиетін бірнәрсе бар болар? Алла қалағанымызды емес, қажетіміздіьбереді. Кешіксе уақыты әлі болмағандықтан шығар. Алланың хикметі – шексіз, терең. Ол тездетіп емес, өз орнымен, өз уақытында береді.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: