27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Ризыққа құрмет – иманның шыңына жеткізер жол

Ризыққа құрмет – иманның шыңына жеткізер жол

Ислам тарихы

Алла Тағала былай бұйырады:

«Жеңдер, ішіңдер және ысырап етпеңдер. Шынында, Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» («Ағраф» сүресі, 31-аят).

Бұл аят бізді Алланың берген ризықтарын қадірлеуге, нығметтерден дұрыс пайдаланып, шектен шықпауға шақырады. Алланың нығметін қастерлеу – шүкірліктің белгісі. Құран бізге әрбір дәмнің астарында Жаратушының мейірімі жатқанын түсінуге үндейді, ал оны босқа рәсуа ету – оған деген құрметтің жоқтығын көрсетеді.

«Ей, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің адал әрі таза болғандарынан жеңдер және шайтанның ізімен ермеңдер, өйткені ол – сендерге анық дұшпан» («Бақара» сүресі, 168-аят).

Осы аятта Алла Тағала бізді таза, адал ризықтарды таңдап, құрметтеуге шақырып, шайтан жолынан сақтандырады. Шайтан адамды арам мен харамға итермелеп, Алладан алшақтатуды көздейді. Тазалық пен адалдық иманның кемелдігіне жеткізер жол екені еске салынған.

Жер бетінде өлшеусіз, шектен шықпай өмір сүру – адам үшін ғана емес, қоғам үшін де маңызды. Алла Тағала: «Егіннің өнімін жинаған күні оның хақысын беріңдер және ысырап етпеңдер. Алла ысырап етушілерді жақсы көрмейді» («әл-Анам» сүресі, 141- аят) деп бұйырады.

Әрбір нығметті берекемен қолдану, өзгеге де бөліп беру – бұл аяттың мәні. Адамның жомарттық пен қайырымдылық арқылы Алланың разылығына жетуі осы аяттың тағылымында жатыр. 

материал «Ысырап индикаиоры» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: