Сұрақ: Намаз оқығанда, төсекке жатқан кезде дұға немесе кәлимә тәухидті аузымыз жабық күйде (іштей) көңілмен, дауыссыз оқуға бола ма?
Қыраат – ауызбен оқу деген сөз. Өз құлақтарымен есіте алатындай дәрежеде дауыссыз оқу, яғни ауызды қимылдатып оқу жай дауыспен оқу деп аталады. Жанындағылардың есіте алатындай дәрежеде дауыстап оқу, жоғары дауыспен оқу деп аталады. Жай дауыспен оқығанды бір екі адамның есітуі мәкрух болмайды. Дауыстап оқу, көп адамның есітуі деген сөз. (Бәззазийә)
Өзі есіте алмайтындай дәрежеде жай дауыспен оқылған намаз сахих емес. Дұға етер кезде де өзі есіте алатындай дәрежеде дұға ету керек.
Кәлимәи тәхлилді айтқан кезде де ғибадат сауабын алу үшін тілімен, өзі есіте алатындай дәрежеде айту керек. Хатми тәһлил оқыған адамдар да ең кемінде өзі есіте алатындай дәрежеде айтулары керек. Кәлимәи тәһлил ғибадат үшін емес, көңілді тазалау үшін оқылған кезде тіл қимылдатылмайды. (Рәддүл-Мухтар)
материал «Намаздан кейінгі таспих» кітабынан алынды,
ummet.kz