06
Дүйсенбі,
Қаңтар

һижри

Біреудің жетістігі – сенің жеңілісің емес

Біреудің жетістігі – сенің жеңілісің емес

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз қасында Әбу Бәкір мен Омар бар түні мешітке кіреді. Мешітте бір кісінің Құран оқып отырғанының үсітінен түседі.

Қырағатын тыңдау үшін Пайғамбарымыз біраз кідіріп құлақ салып тұрып қалады. Артынша:

– Кім уахи етілгеніндей Құран оқығысы келсе Абдулла ибн Масғудтың қырағатындай оқысын! - дейді. Таң сәріде Омар Абдулла ибн Масғудқа барып болған жайтты айтып, сүйінші сұрағанда:

– Әбу Бәкір сенен бұрын озып кетті, - дейді ибн Масғуд.

Біреудің жетістігі – сенің жеңілісің, біреудің байлығы – сенің пақырлығың емес. Жүрегіңді таза ұста. Адамды сүй. Басқаларға жақсылық тілеп үйрен! Көңіл тазалығы Алла разылығы мен жәннатқа апарар қысқа жол екенін ұмытпа! Сүлейменге жақсы хабар алып келген бәбісек құсындай, Нұхқа қуанышты хабар әкелген көгершіндей жақсылық жаршысы бол! Адамдар арасына жақсылық жай. Олар жайлы естіген жақсы сөздерді жеткіз. Жаман сөздерді тасып, Ібілістің елшісі болма!

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: