Бір күні Пайғамбарымыз сахабаларға былай деді: – Жәбірейіл маған уахи әкелді, кісі ризығы бітпейінше дүниені тәрк етпейді.
Алладан қорқып, ризықты дұрыстап іздеңдер! Ризықтың тарылуы сендердің оны күнәқателік арқылы табуларыңа итермелемесін! Алланың құзырындағыға тек бойұсынып, итағат етіп қана қол жеткізе аласың.
Маңдайында бәрі жазылып қойғанын біле тұра адамның көп ойымдайтын екі нәрсесі – өмір мен ризық. Алла кейде адамдарға сынақ мен емтихан ретінде ризықты кешіктіреді. Ол – Алланың сараңдығынан не қазынасының түгесіліп қалатынынан емес. Осындай сәттерде сәл шыдамдылық танытсаң, ризығың Арктикада болса да алдыңа келеді. Біреуді мақтап, біреуді даттап, олардың мансап, атақтарына қызықпа! Олар да – ризық. Пешенеңе жазылса мансапты да, атақты да боласың.
Сол үшін де сахаба Әли бір сөзінде: «Адамдарға таң қаламын. Адал жолмен өзіне келе жатқан ризығына арам жолмен асығып тезірек қол жеткізгісі келеді», - дейді.
материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz