Бірде Сағд ибн Әбу Уаққас Пайғамбарымыздан (с.ғ.с):
– Уа, Алла Елшісі! Алладан мені дұғасы қабыл болатындардан етсін деп сұрашы? - деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған:
– Уа, Сағд! Адалдан тамақтан, дұғаң қабыл болады, - деп жауап береді. Иса пайғамбардан да бірі кісі:
– Өсиет айтшы? - деп сұрағанда:
– Наныңның қайдан келіп жатқанына қара! - деп айтқан екен.
Адал астың дұғаның қабыл болуына әсері жайлы «Ішкені – арам, кигені – арам, жегені – арам, дұғасы қайдан қабыл болсын?!» деген мағынадағы танымал хадистен де байқауға болады.
Арам ас, арам мал дұғаға кедергі болады. Алдап сатып тапқан малың – арам. Өтірік толтырып берген қағазың – арам. Жұмыста ештеңе істемей, отырып қайтқаның – арам. Дұғаң қабыл болмай жатса, жегеніңе қара! Астарыңды, жейтіндеріңді адалынан қылшы, сосын дұғаларың таң рауандап атқандай қабыл бола береді!
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
ummet.kz