31
Жұма,
Қаңтар

һижри

«Садақа деп қорықпасам жейтін едім»

«Садақа деп қорықпасам жейтін едім»

Ислам тарихы

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) жолда кетіп бара жатып түсіп қалған бір құрма тауып алады.

Қолына алып, үрлеп, сүртіп:

– Садақадан түсіп қалған ба деп қорықпасам жейтін едім, - дейді де жеп қойсын деп қасындағы бір сахабаға береді. Өйткені Пайғамбарымыз (с.ғ.с) садақаны жемейтін. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) нығметті құрметтеп, қадірлеуді үйретіп жатыр. Ол кісі жерге түсіп қалған бір дана құрмаға да бей-жай қарамады.

Ал қазір біз қоқысқа тастап жатқан тамақтар мен нанды көрсе не істейтін еді? Өзіңе жететіндей тамақ істеп же. Сараңдық емес. Тамақ артылса келесі күні ысытып же немесе көшеде жүргендерге бер. Қоқыс жәшігін толтырғаннан аш қарынды тойдырған – әлдеқайда жақсы.

Нығмет шүкір еткенде тұрақтайды. Оны құрметтеу де шүкір болып саналады.

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: