Меню

27
Бейсенбі,
Наурыз
26
Рамазан
1446 һижри

Өміріңнің босқа өткен кезеңін Қадір түнімен толтыр

Өміріңнің босқа өткен кезеңін Қадір түнімен толтыр

Ислам тарихы

Хафиз Ибн Ражаб:

«Ей, өз өмірін ешбір игілікке қол жеткізбей өткізген адам! Қадір түнін жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін қолданамын, өйткені бұл түн тұтас өмірге тең келеді ғой!» [ «Ләтаифул-мә’ариф» 191], – деп айтқан.

Құлшылық етіп сауапқа кенелуге ең ұтымды кезең – қадір түні. Ал адамның ең қорқынышты кезеңі қабірге орналастырылған кезі. Қадір түнін құлшылықпен өткізу, қабірдің жарқырап, нұрлануына жол ашады. Әнас ибн Мәлік (р.а.) былай деп айтқан:

«Рамазан келгенде, Алланың Елшісі (с.ғ.с): «Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!», – деп айтты» [ Ибн Мәжаһ 1/289.].

Қадір түні өзінің осындай атауын Ұлы Алланың алдындағы алатын ұлы дәрежесі мен басқа күндер мен түндердің алдындағы артықшылығы үшін және бұл түні адамдардың өмір мерзімі мен несібелері, жыл бойы орын алатын нәрселер тағдырға жазылатындығы себепті алған[«Тайсируль-Карими-р-Рахман» 1017].  

Алланың Елшісі (с.ғ.с) былай деген: «Шын мәнінде, Қадір түні жер бетінде періштелер ұсақ тастардан да көп болады»[ Әт-Таялиси 2545, Ибн Хузайма 2/223].

материал «Ислам діні» кітабынан алынды,

ummet.kz