Меню

30
Жексенбі,
Наурыз
1
Шәууәл
1446 һижри

Қадір түнінде мешітке келген соң неден бастаймын?

Қадір түнінде мешітке келген соң неден бастаймын?

Ислам тарихы

Қадір түні – Рамазан айының соңғы он түнінің бірі. Яғни, он түннің біріне жасырылған. Ал 27-түн – Қадір түні болуы ең ықтимал түн.

Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат – тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға-тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз оқып, садақа беру, ізгілікке ұмтылу.

«Қадір түні» деп мешітке ниет етіп келген соң, әуелі дәретті болуыңыз шарт. Мешітке кірген соң, екі бас сәлем намазын оқыңыз. Мешіт имамының уағызын тыңдап, жамағатпен бірге намаз оқыңыз. Қалған уақытта отбасыңызға, өзіңізге, жақындарыңызға дұға етіңіз. Құран оқыңыз.

материал «Рамазан оразасына қатысты пәтуалар» кітабынан алынды,

ummet.kz