Жәбир ибн Абдулладан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Ол:
««Сол кезде сендерден екі топ осалдық танытамыз ба деп уайымдады. Ол екеуінің Қамқоршысы – Алла» (деген аят) бізге – бәну сәлима және бәну хариса (руларына) қатысты түскен. Алла Тағаланың: «Ол екеуінің Қамқоршысы – Алла» деген сөзі болмағанда, оның түспегенін қалар едік», – деген (2505/171).
Зәйд ибн Арқамнан (Алла оған разы болсын). Ол: «Алла елшісі (с.а.с.): «Уа, Алла! Ансарларды, ансарлардың балаларын және ансарлардың балаларының балаларын кешір», – деп (дұға етті)», – деген (2506/172).
Әнәстен (Алла оған разы болсын). (Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) үйлену тойынан келе жатқан балалар мен әйелдерді көреді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) орнынан тік тұрып: «Уа, Алла! Сендер маған адамдардың ең сүйіктілеріненсіңдер. Уа, Алла! Сендер маған адамдардың ең сүйіктілеріненсіңдер», – деп ансарларды меңзеген (2508/174).
Әнәстен (Алла оған разы болсын). Ол: «Ансарлардан бір әйел Алла елшісіне (с.а.с.) келді. Алла елшісі (с.а.с.) онымен оңаша (сөйлесті) және: «Жаным қолында болған (Алла) пен ант етейін, ақиқатында, сендер маған адамдардың ең сүйіктісісіңдер», – деп үш рет қайталады», – деген (2509/175).
Әнәстен (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.) ансарлар үшін кешірім тілеген. (Хадисті жеткізуші): «Ол: «ансарлардың әйел, балалары үшін», – деді деп ойлаймын. «Және ансарлардың азат еткен құлдары үшін» – мен бұған күмәнданбаймын», – деген (2507/173).
Әнәстен (Алла оған разы болсын). Алла елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, ансарлар – менің сыр сандықтарым және сенімді адамдарым. Жақын уақытта адамдар көбейетін, ал (ансарлар) азаятын болады. Сонда олардан игілік жасаушылардың (игіліктерін) қабыл алыңдар да, жамандық істеушілерін кешіріңдер», – деген3 (2510/176).
материал «Муслимнің сахих хадис жинақтары» кітабынан алынды,
ummet.kz