14
Сенбі,
Маусым

һижри

«Шайтанмен бірге отырғым келмейді»

«Шайтанмен бірге отырғым келмейді»

Ислам тарихы

Бірде бір кісі отырған жерінде Әбу Бәкірді балағаттай бастайды.

Әбу Бәкір үндемей, жауап қайтармай байсалды қалпын ұстап отырады. Адамдар оның жұмсақтығы мен сабырына таңданады. Әлгі кісі балағат сөзін көбейтіп жібергенде Әбу Бәкір де оған сөз қайтарып қалады. Пайғамбарымыз ашуланып, ол жерден кетіп қалады. Әбу Бәкір артынан қуып жетіп:

– Мені балағаттағанда отыра бердің де, мен сөз қайтарғанда кетіп қалдың? - деп әрекетінің сырын сұрайды.

– Сенің орныңа бір періште сөз қайтарып тұр еді. Сен өзің сөз қайтара бастағанда орнына шайтан келді. Мен шайтанмен бірге отырғым келмейді, - дейді Пайғамбарымыз.

Ешқашан сөз таластырғанға сені өз деңгейіне түсіруіне жол берме. Сен де оның деңгейіне түсіп кетпе! Әркім жаманның, бетпақтың деңгейіне түсе бергенде бұл дүниеде жақсы, игі адам қалмайтын еді.

Барлық ұрысқа килігіп, барлық жанжалға кірісіп кете берме. Кейбір жанжалдардағы жеңіс – оған басынан бастап араласпау.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: