16
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

«Менен кейін үмбетім хақында үш нәрседен қорқамын»

«Менен кейін үмбетім хақында үш нәрседен қорқамын»

Ислам тарихы

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді:

«Менен кейін үмбетім хақында үш нәрседен қорқамын:

1. Әуестік пен қүмарлыққа салынудан, 

2. Асқазан мен жыныс қүмарлығына түсуден.

3. Білімнен кейін ғапылдыққа түсуден».

Білім – кітапқа тән нәрсе. Парасаттылық болса оның кемелденіп, тұлғаланған түрі. Сол себепті білімді парасаттылыққа айналдырмай салих амал жасамағандар үшін, таяз және бос қалу қаупі бар. Әлемді көңіл көзімен тамашалағанда, ол нәзік мақсаттар мен пәк хикметтер жиынтығы екендігі белгілі. Әлемнің ғибрат көрмесі екендігі түсініледі. Қандай жағдайда да бұл дүние – емтихан атмосферасына толы иман дәрісханасы. Иләһи тәрбие мен басшылық үкім жүргізген бұл әлемде бос нәрселер жолында жүріп, пәк сипатына нүқсан келтіргендер - шынайы бақыттылықтан мақрұм қалатын өмірдің жетімектері. Әуесқойлықтың иірімінде тұншығып жоқ болады.

Ақыреттің міндетті түрде болатындығын білдіру үшін Алла (жәллә жәләлуһу) былай бұйырады: «Жоқ! Біледі, кейін әлбетте түсінеді!» ("Нәбә", 4-5) 

Пайғамбар жіберу, олардың тілімен, ілімімен, жол көрсетуімен және ахлағымен адамзатты кемелденді - ру сияқты көріністердің барлығы иләһи сыйлық пен жомарттықтың көрінісі. Адам өзіне және айналасына байыпты көзбен қараса: «Анық және айқын күш пен салтанаттың алдында ақиреттен ғапыл (бейхабар) өмір сүрудің күлкілі және оғаш нәрсе» екендігін түсінетін болады. Соңын ойлаған әрбір ақылды адам, шексіз құмарлықтарға, әуестіктерге, өткінші фәни алданыштарға шек қою, махаббатты иләһи мақсатқа бұру жаратылыс мақсатының шарты болғандығын оңай түсінеді. Мешіттер мен медреселердің қабырғаларына жазылған «Хош қара, уа һу (Алла)», «Бұл да өтер, уа һу», «Әдеп, уа һу», ақыры «Еш» сездерінде қандай керемет ақиқат белгілері мен ескертулері бар.

Адам өзіне және айналасына байыпты көзбен қараса: «Анық және айқын күш пен салтанаттың алдында ақиреттен ғапыл (бейхабар) өмір сүрудің күлкілі және оғаш нәрсе» екендігін түсінетін болады. 

материал «Бір шоқ гүл» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: