15
Дүйсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ашық рия – жұртқа жақсы көріну үшін жасалады

Ашық рия – жұртқа жақсы көріну үшін жасалады

Ислам тарихы

Рияның үш түрі бар:

- ашық рия, яғни көрсету үшін істелген амал;

- естірту үшін істелген әрекет;

- жасырын рия.

1. Ашық рия - көзге көрсету, яғни, мақтанып, жұртқа жақсы көріну үшін жасалады. Оқыған намазы, берген садақасын мақтан тұтып, баршаға жар салып жүреді.

2. Екінші амал, естірту арқылы болатын рияға мысал ретінде: өтіп кеткен оқиғаны мақтан ете айтуды айтамыз. Қажылық сапарға барғанды мақтан етіп, баршаға жар салу, әке-шешесіне істеген қайырымдылығын өзгелерге мақтан тұтып айту және т.с.с. Әбу Муса әл-Әшғариден (Алла Одан разы болсын) жеткен хадисте: «Мүміннің ниеті оның амалдарынан жақсырақ. Алла Тағала пендеге істеген ісі үшін бермеген нәрсені оның ниетіне қарай береді, себебі ниетте рия жоқ, ал амалға рия араласады» - деген.

3. Ал, жасырын рия деген жүректе жоқ. Ол жүрекке бір келіп, бір кетіп отырады. Мысалы, адам намаз оқып отырып, осы оқыған намазымды біреу көрсе екен деп ойламайды. Бірақ, көріп қойса көңілде оқыған намазымды көрді ғой деген сезім пайда болады. Өкініш сезімі емес, басқаның көргеніне іштей мақтаныш сезімі. Сол ой арқылы рия еткен болып табылады. Көңілде болған, ойға келген кішкене ғана нәрсе рияға жетелейді.

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: