09
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Егер өлсем, бәрінен құтылам деп ойлайсың ба?

Егер өлсем, бәрінен құтылам деп ойлайсың ба?

Ислам тарихы

Ей, Нәпсім! Қияметке иман келтірмедің бе? Егер өлсем сонымен бәрі бітеді, мен құтылып кетем деп ойлайсың ба? Әлбетте ақыретке иман келтіргенің белгілі, ақыретті жалғанға шығармаған болсаң неге қамданбайсың? Неге әрекет жасамайсын? Егер бір мүшрік келіп ең жақсы көретін тағамыңда у бар десе, сен сол жерде-ақ нәпсіңді тиып, алдыңдағы тағамды жемей, өзіңді ұстайтын едің. Бір жас бала келіп: “Аға, арқаңа шаян жабысып алыпты” десе сол киімді лезде шешіп тастар едің, сонда бір мүшріктің немесе бір баланың сөзі, мұғжизалармен расталған Пайғамбарлардың сөзінен, Алла Тағаның сөзінен қымбатырақ, сенімдірек болғаны ма?

Ей, Нәпсім! Бұл дүниедегі бір шаянның шаққандағы ауырсыну бір-екі сағатқа созылар, алайда сол ауырлық ақыреттегі шаяндардың шағуынан, ақыреттегі азаптан, ақыреттегі ірің, қайнаған судан да ауыр болғаны ма?

Ей, Нәпсім! Егер бір адам шетелде оқуға кетіп, он жылдап сол елде жүрсе, бірақ ешнәрсе оқымай, босқа уақытын өткізіп, қайтатын жылы соңғы айда он жылда өткізіп алған нәрсесін үйреніп аламын десе, ол адамға не дер едің? ол адамның үстінен күлмес пе едің? Қандай ақымақ адам едің демес пе едің? Неге онда әрекет жасамайсың?

материал «Ей, нәпсім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: