14
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Білім үйрену үкімінің өз ішінен алтыға бөлінуі

Білім үйрену үкімінің өз ішінен алтыға бөлінуі

Ислам тарихы

Парыз кифая

Парыз кифая дегеніміз – мұсылмандар арасынан белгілі бір кісілер орындаған жағдайда басқалардың мойнынан жауап- кершіліктің түсуі. Бір топ адам үйреніп алса, басқалар үйренбей-ақ қойса болатын арнайы салалар болады кершіліктің түсуі. Бір топ адам үйреніп алса, басқалар үйренбей-ақ қойса болатын арнайы салалар бар. Мысалы, математика, медицина, араб тілі грамматикасы сынды салаларды жұрттың бәрі тегіс үйренуге міндетті емес. Бұл салаларды белгілі бір адамдар оқып үйренсе, қалың көпшіліктіңмойнындағы парыз орындалған болып есептеледі.

Парыз айн

Бұған әр мұсылман міндетті түрде орындауға тиіс амалдар кіреді. Мысалы,дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау, т.б. Бұларды әрбір мұсылман білуі керек.Сондай-ақ саудамен айналысатын кісі үшін діндегі сауданың үкімдерін, шарттары менқағидаларын үйрену парыз болып саналады.

Некесін қидыратын адам неке үкімдерін білуге міндетті. Яғни мұсылман адам қайіспен айналысса да, сол істің дініміздегі жоралғы-жүйесін жете танып алуы шарт.

Мәндуб

Амал еткен кісіге сауап жазылады. Амал етпегенге сауап та, күнә да жоқ. Мысалы, бір саланы терең үйреніп, ғалым болуды айтсақ болады. Ғалым адам көл-көсір сауапқа кенеледі. Ал ғалым болмаған адам ешқандай күнә арқаламайды.

Харам

Үйрену харам болған ілімдер. Сиқыршылық, балгерлік, көріпкелдік сияқты істерді осы топқа жатқызамыз. Қысқаша айтканда, шариғат үзілді-кесілді тыйым салған дүниелердің бәрі осы санатқа кіреді.

Мәкруһ

Жасалынуы құп көрілмеген, жағымсыз амалдар. Көпке келтірер пайдасы жоқ өнер түрлерін үйрену мәкруһ болып саналады.

Мубах

Бұған орындалуы мен орындалмауы бір дәрежеде болған амалдар кіреді. Амал еткен адам сауап алмайды, ал орындамаған кісі күнәға батпайды. Құмарлыққа бастамайтын, ұятты жерлерге қатысы жоқ қара өлеңдерді үйренуді осыған мысал ретінде келтіруге болады. Алла Тағала ілім иесінің дәрежесін көтереді. Тіпті, Алла Тағала иттің де басқа иттен дәрежесін біліммен көтеріп қойды. Аңшылыққа үйретілмеген иттің ұстаған аңы халал болмайды, ал аңшылыққа үйретілген иттің ұстаған аңы - халал.

материал «Ілім және кәсіп» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: