02
Сенбі,
Мамыр

һижри

Расында, сен – Алланың жұмыскерісің!

Расында, сен – Алланың жұмыскерісің!

Ислам тарихы

Жұртшылық жұмысыңды бағаламаса да, оны кемелдікке жеткізуіңе не кедергі?

Расында, сен – Алланың жұмыскерісің! Осы жұмысты берген – Алла және ол үшін сауап беретін де – бір Алланың Өзі. Сен Алла бар бола тұра құлдардан мақтау күтуден ұялмайсың ба? Әлемдердің Жаратушысы сенің не істеп жүргеніңді білсе, басқа адамдардың сенің еңбегіңді бағаламауы түкке тұрғысыз болмай ма? Егер Алла қызметіңді жақсы істеп жатқаныңды көрсе, ол саған адамдардың бағасымен емес, Өзінің өлшеміне қарай сыйақы береді.

Енді, өз ішіңнен Алланың жұмыскері екеніңді сезініп көр: сен Алла үшін жұмыс жасап, Алла үшін жақсылық істейсің және жұмыс жасайтын компанияның сені көтеруі мен директордың мақтауын еш уақытта күтпейсің. Өйткені, сен Алла Тағаланың бұны көріп тұрғанын және сыйын өзі беретінін білесің. Сен жұмысыңда алатын жалақыңнан асып түсетін жігермен, мінсіз түрде орындауың мүмкін, бірақ, Алла саған соның бәрін жұмсаған күш-жігеріңнен еселеп асатын сыйақымен қайтаратынын білесің бе?

Өйткені Алла былай деп айтты ғой: «Біз (үнемі) ізгі амал істейтін (ізгі) жандардың ақысын зая етпейміз». Алла ешкім бағаламайтын жұмыс ортасында Өзінен ғана үміт етіп, бар қайратыңды жұмсап жатқаныңды көрсе, сені сыйсыз қалдырады деп ойлайсың ба?! Сол үшін, жақсылықты тек Раббың үшін жаса. Тіпті, лайықсыздарға жақсылық етсең де, ол – өзіңе жақсылық қылғаның болады. Сен барша жақсылыққа лайық бол! Шеберлікті, қайырымдылықты және игілікті болмысыңның бір бөлігіне айналдыр. Бұны сен жұмыс істейтін ортаңның өзгеруінен әсер алмайтын берік принцип қыл. Ол – жасаған қайырымдылық пен жақсылығыңның сыйын бір Алладан үміт ету.

материал Аслан Орақбайдың «Хәл» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: