Жәбирден (Алла оған разы болсын). Ол:
«(Бірде) екі бала төбелесіп қалды: бір бала муһажирлерден, ал бір бала ансарлардан еді. Сонда муһажир немесе муһажирлер: «Уа, муһажирлер!» – деп дауыстады. Ансарлық та: «Уа, ансарлар!» – деп айқайлады. Сонда Алла елшісі (с.а.с.) сыртқа шығып: «Бұл не, (бұлар неге) жәһилият дәуіріндегілердің ұранын (жасап тұр)?» – деп (сұрады. Адамдар): «Жоқ, уа, Алланың елшісі! Тек екі бала төбелесіп қалып, біреуі екіншісінің жамбасынан ұрды», – деді. (Пайғамбар (с.а.с.)): «Оқасы жоқ. Кісі әділетсіз не әділетсіздікке ұшыраған бауырына көмектессін. Егер әділетсіз болса, оны тыйсын, бұл ол үшін көмек болады. Ал егер әділетсіздікке ұшыраған болса, оған көмектессін», – деді», – деп айтқан (2584/62).
Ғұруа ибн Зубәйр Һишам ибн Хаким ибн Хизамнан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) (жеткізген). Ол: «(Бірде Һишам) Шам (өлкесінде) күннің астына тұрғызылып, бастарына май құйылған адамдардың қасынан өтті. Ол: «Бұл не?» – деп (сұрады. Оған): «Бұлар хараж салығы үшін жазалануда», – делінді. Сонда ол: «Ал мен Алла елшісінің (с.а.с.): «Ақиқатында, Алла осы дүниеде (адамдарды) азаптайтындарды азаптайды», – дегенін естігенмін», – деді», – деп айтқан3 (2613/117).
материал «Муслимнің сахих хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz