07
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Садақаның орнына салауат айтса бола ма?

Садақаның орнына салауат айтса бола ма?

Ислам тарихы

Әбу Сәғид әл-Худри Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткізеді:

«Егер мұсылманның садақа беретін ақшасы болмаса, ол дұғасында: «Уа, Алла, Сенің құлың әрі Сенің елшің Мұхаммедке салауат ет. Сондай-ақ, мүмін ерлер мен мүмін әйелдерге, мұсылман ерлер мен мұсылман әйелдерге салауат ет» (Аллаһуммә салли ‘алә Мухәммәдин ‘абдикә уә расуликә, уә салли ‘алә-л муъмининә уә-л муъминәти уә-л муслиминә уә-л муслимәти), – деп айтсын. Бұл — оның садақасы болады».  («Әл-Әдәб әл-Муфрад», № 640, Ибн Хиббан, № 903).

материал «Салауат байрағы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: