07
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Қаншама күшті адам өз бойындағы қуатын сезінбейді

Қаншама күшті адам өз бойындағы қуатын сезінбейді

Ислам тарихы

Бір адам есігінің алдына есегін байлап қою үшін көршісінен арқан сұрайды.

Көршісі арқан жоқ екенін айтып, оған мынадай кеңес береді:

– Есегіңнің мойнына арқан байлағандай өтірік қимыл жасасаң, қозғалмайды. Әлгі адам көршісінің айтқанын істеп, ертеңіне есегінің әлі сол орнында тұрғанын көреді. Бір күні есегін егістікке апармақшы болады. Бірақ есек орнынан қозғалмайды. Ол бар күшін салып тырысқанымен, еш нәтиже шықпайды. Ақыры ол көршісіне қайта барып, кеңес сұрайды.

– Арқанын шешкендей қимыл жасадың ба? – дейді көршісі.

– Қандай арқан? Ондай ештеңе жоқ қой! – деп таңғалады ол.

– Сен үшін арқан жоқ шығар. Бірақ есек үшін бар, – деп жауап береді көршісі.

Үйіне қайта барып, арқанды шешіп жатқандай қимыл жасаған соң есегі еш қарсылықсыз қозғалады.

Бұл оқиғадағы есекке күлмеңіз. Себебі кей адамдар да қиялдан туған әдеттер мен жалған сенімдердің құлы болып, алға жылжуға кедергі келтіретін ойдан шыққан «арқанды» байқамайды. Қаншама дарынды жан өз мүмкіндігін жоққа шығарады. Қаншама парасат иесі өзін ақылдан кенде санайды. Қаншама күшті адам өз бойындағы қуатын сезінбейді.

материал Нұрбол Рахматилланың «Халал сиқыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: