12
Бейсенбі,
Наурыз

һижри

Кім өз нәпсісінің сараңдығынан қорғалса – солар құтылғандар

Кім өз нәпсісінің сараңдығынан қорғалса – солар құтылғандар

Ислам тарихы

Бауыржан ұстаздың (Алла рахымына алсын) бір уағызын тыңдап отырып қатты ойға қалған едім.

Ол кісі: «Сараңдықтың екі түрі бар. Бірі – өзінің мал-мүлкін қимайтын сараң. Екіншісі – өзгеге берілген несібені қызғанатын сараң» – деп айтқан еді. Шынында да, адам баласының дүниеге келгенде табиғи түрде сараң болуы – заңдылық. Себебі нәпсі қолында барын жібергісі келмейді, өзгеге жеткен игілікке қуана да бермейді. Бірақ мәселе – сол сараңдықтан қалай арылуда. Өйткені ол – біздің Алланың алдындағы үлкен сынағымыз.

Құранда Алла Тағала былай дейді: «Кім өз нәпсісінің сараңдығынан қорғала алса – солар құтылғандар».

Яғни адам баласының шынайы жетістігі – көп дүниеге ие болуында емес, сараңдығын жеңе білуінде. Бай да болсын, кедей де болсын, егер сараңдықпен өмір сүрсе – ол жүректің азабында. Ал жүрегі кең, қолы ашық адам – бақытта.

Бір қызығы, адам қолында жоқ дүниені қызғанып, біреудің ризық-несібесіне қарап та сараңдық танытады. «Кедейлерге берме, өзіңе жұмсай ғой» деп іштен тыну да – сараңдықтың бір түрі. Бірақ мұндай ой жүректі қарайтады, берекені қашырады. Ал Алла үйреткен жол – барға шүкір ету, жоққа сабыр ету, қолдағыны бөлісу.

Шын мәнінде, сараңдықтан арылу – жүректі тазарту. Сараңдық жойылған жүректе иман жайқалады, мейірім көбейеді, береке артады. Сондықтан құтылудың кілті – дүниенің молдығында емес, нәпсінің сараңдығынан сақтала білуде. Нағыз жеңіс – қолыңда барды Алла разылығы үшін бөлісе білу.

материал Нұрбол Рахматилланың «Стамбулдағы тәфәккур» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: