01
Жұма,
Мамыр

һижри

«Сен жасаған құлшылықтарға біз зәру емеспіз»

«Сен жасаған құлшылықтарға біз зәру емеспіз»

Ислам тарихы

Әбу-л- Хасани-л- Харқани әңгімелеуде:

Ағалы-інілі екі жігіт бірге тұратын. Олардың күтімге зәру кәрі шешелері бар еді. Түннің бір уағына дейін жігіттердің біреуі анасына қызмет етіп, зыр жүгіретін де, екіншісі қол қусырып Құдай алдындағы құлшылығын орындап намаз оқитын. Күн сайын құлшылық жасап көңлі рухани шабытқа шалқыған ағасы бір күні кеш бата інісіне:

– Шешемізге бүгін де өзің қарашы, – деді, – мен күндегідей таң атқанша ғибадат жасайын. Інісі келісті. Ағасы ғибадат жасап отырып ұйықтап кетті. Таңғажайып түс көрді. Түсінде бір дауыс оған: «Ініңе үлкен кешірім жасадық. Ініңді сыйлағандықтан, сені де кешірдік» деген еді. Ғибадат жасаған жігіт бұған таңғалды, сөйтті де:

– Қалайша? – деп сұрады, – мен болсам күн демей түн демей Аллаһқа құлшылық жасаймын. Інім болса жай ғана шешемді күтумен болады. Ініме деген құрмет үшін мені кешіргендеріңіз қалай? Өктем үн қайта естілді:

– Иә, – деді сосын,

– Сен жасаған құлшылықтарға біз зәру емеспіз. Алайда қол күтімге анаңның қатты зәру болып отырған жайы бар…

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: