"(Алланың үндеуіне құлақ аспай) күпірлік қылғандардың мысалы бейне бір (шопанның) айқайынан басқа түк ұқпайтын, маңыраған бір отар мал сияқты. Олар (ақиқатты естімейтін) керең, байыбына бармайды, мылқау және көрсоқыр. Сондықтан олар еш нәрсені ақылға салып ойланбайды..." ("әл-Бақара" сүресі 171-ші аят).
Алла Тағала ақиқатқа ермейтін кәпірлерге мысал келтіреді. Алла кәпірлердің мінәжатын бейнебір шопанның қойларды шақыруына ұқсатады. Оларды қанша шақырса тек шақырған даусын есітуден басқа, хабарды түсінетін білімі жоқ.
Олар ақиқатты ести алмайтын керең, ақиқатты айта алмайтын және оған жауап бере алмайтын мылқау, ақиқаттың дәлелдерін көре алмайтын соқыр.
Олар ақылдары өздеріне пайда беретінін білмейді. Келесі мағынасы. Пұттардан болған құдайларына дұға етіп табынатындардың мысалы, шопан қанша шақырса да жайылып жүрген қой немесе жануарларының есітпейтіні секілді.
Пұттар да еш нәрсені түсінбейтін жануарларға ұқсайды. Егер жануармен сөйлескен адам ақымақ болатын болса, таспен сөйлескен одан да ақымақ болғаны емес пе?!
материал «Құрандағы мысалдар» кітабынан алынды,
ummet.kz