13
Жұма,
Ақпан

һижри

Ешкімнен жеңілмес Күштіден ғана көмек сұраңыз

Ешкімнен жеңілмес Күштіден ғана көмек сұраңыз

Ислам тарихы

Әдетте адам жәрдем бере алатын күштіден ғана көмек сұрайды, ал Алланың құлдары барлық жерде көмекке мұқтаж.

Ондай көмекке Алла Тағаланың ғана қабілеті жетеді және барлық даңқ Оған тән. Басқалардың барлығы өз-өздерін зияннан да арашалай алмайды әрі өздеріне пайда келтіруге де қабілетсіз. Шын мәнінде Алла Тағала қалағанына ғана жәрдем береді, Оның қаламаған пендесі мүлдем жәрдемсіз қалады.

Өйткені Алла Тағала: «Егер Алла сендерге жеңіс (жәрдем) берсе, сонда сендерге үстем келуші болмайды. Ал егер Алла сендерді тастап кетсе (жәрдем етпесе), одан кейін сендерге кім жәрдем етеді?» – деген. Құлдардың жүрегінің өзі Алланың еркінде. Алла оларға (жүректерге) нені қаласа, соны істейді және құлдың біреуге жәрдемдесуін немесе жәрдем беруден бас тартуын да Алла бағыттайды.

Сондықтан барлық тіршілікті қозғалысқа келтіретін Құдірет иесіне ғана дұға жасап, жалбарыну керек. Ол – сыйлық беретін де, қайтарып алатын да, мейірімділік көрсетіп, жақсылық жасайтын да және де арқа сүйеу жеткілікті болатын Алла. Өйткені Алла Тағала: «Ал кім Аллаға тәуекел етсе, сонда Ол оған жетіп асады» («Талақ» сүресі, 3-аят), – деді.

Сондықтан (адамдар) барлық тіршілігі үшін тек Ұлы Аллаға ғана дұға жасасын, өйткені Құранда: «(Уа, Алла!) Саған ғана құлшылық қыламыз, Сенен ғана жәрдем тілейміз» («Фатиха» сүресі, 5-аят) , – делінген.

 

материал «Әл-Уафи» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: