03
Сейсенбі,
Наурыз

һижри

Иғтикафқа кірген адам – Алланың құрметті қонағы

Иғтикафқа кірген адам – Алланың құрметті қонағы

Ислам тарихы

Алла Тағала Құранда:

«Ибраһим мен Исмаилға: «Тауап етушілер, иғтикафқа кіргендер, тынбай рукуғ және сәжде жасап намаз оқитындар үшін Үйімді таза ұстаңдар!», - деп бұйырдық». ("Бақара" сүресі, 125 аят).

Басқа аятта: «Мешіттерге иғтикафқа кіргеннен кейін, әйелдеріңмен қосылмандар» ("Бақара" сүресі, 187 аят)

Иғтикаф – бұл Алланың үйі мешіттерге зиярат жасап, оған құлшылық жасау үшін шоғырланып, белгілі уақытта сол жерде қалу. Иғтикафқа кірген адам Алланың құрметті қонағы болып есептеледі.

ْПайғамбарымыздан (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) жеткен сахих хадисте: «Кімде-кім Алланың үйі мешітке күннің бірінші жартысында, немесе екінші жартысында баратын болса, Алла Тағала оны жәннатта өзінің қонағы етеді (сыйлық дайындап қояды)». Қадір түнін қарсы алу үшін, рамазанның соңғы он күнінде иғтикафқа кіру мустахаб. Осы үлгіде ардақты Пайғамбарамыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) соңғы иғтикафына кірген.

 

"Айша анамыздан (Алла оған разы болсын): «Алла елшісі қайтыс болмай тұрып, рамазанның соңғы он күнінде иғтикафқа кіретін. Одан кейін иғтикафқа оның жұбайлары да кіретін болған».

Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) басқа хадисінде: « Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) рамазанның соңғы он күнін ерекше тақуалықпен өткізетін. Түнді тірілтіп, бізді де оятытын еді. Құлшылықтарын ерекше ыждағатымен орындағанда, бізге мүлдем қарамайтын».

Басқа риуятта: «Алла елшісі рамазанның соңғы он күнін, басқа күндерге қарағанда ерекше ыждағатымен өткізетін еді». Жоғарыдағы хадистегі «шәддәл ми'заро» «шалбарын қатты тартып киетін» тіркесі «әйелдермен қосылмау», «іске сыбанып кірісу» мағыналарын білдіреді. Сондай-ақ иғтикафқа кірген немесе кірмеген адам үшін, осы қасиетті айда көп Құран оқуға, мұқтаж жандарға көмектесуге, қайырымдылық жасауға, садақалар беруге Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) асыл сүннеті үлгі болады.

Қоғамымызда кедейшілік көріп, алайда оразасын тастамай жүрген жандар баршылық. Оразасын тастамайын деп, жұмыстарын жасауға, бала-шағаларын асырауға, тіпті қайыр тілеуге шамалары жетпей жатады. Міне, осы жағдайда ардақты Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне мән берейікші.

Имам әл-Бухари, имам әл-Муслим (Алла оларды рақымына алсын) сахих хадистер кітаптарында, Ибн Аббастан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте былай делінген: « Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамдардың ішінде жақсылық жасаудан ең жомарттысы,(ең мәрттісі) болған. Рамазан айында Жәбрейілмен (Алланың оған сәлемі болсын) кездескенде де(жолыққанда да) ең жомарты еді.

Рамазанның әрбір түні Ол (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Жәбірейілге (Алланың оған сәлемі болсын) Құран тапсыратын. Олардың рамазандағы әрбір жүздесуінде, Пайғамбарымыздың ( Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға жасаған жақсылығы «минәр рихил мурсәләһ» бейне бір желдей шапшаң әрі жылдам болатын» Жоғарыдағы хадистеге «минәр рихил мурсәләһ» тіркесі тез соққан желге теңестіріліп «бір нәрсені жәй жасамай шапшаң жасау» мағынасын, сондай-ақ жел соққан аумақтын бәрін қамтығандай, пайғамбарымыздың жасаған жақсылығы айналасындағы бәріне қамтығаны меңзеледі.

Сахих хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) Жәбірейіл (Алланың оған сәлемі болсын) періштеге рамазан айында құранды толық бір рет тапсыратын, алайда Пайғамбарымыздың (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) соңғы рамазанында Ол оған құранды екі рет аударғаны риуаят етіледі.

материал «Оразаның мақсаттары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: