05
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Қадір түнінде балаңыз үшін жасау керек дұға

Қадір түнінде балаңыз үшін жасау керек дұға

Ислам тарихы

Қадір түнінде балаңыз үшін ең абзал дұға – олардың екі дүниеде бақытты, иманды, дені сау және көркем мінезді болуын тілеу.

«Я, Раббым! Балаларымды тақуа, тура жолдан таймайтын, дініне берік, ата-анасына қайырлы ұрпақтардан ете гөр» деп шын жүрекпен сұраңыз.

Сондай-ақ, «Раббана һаб лана мин азуажина уа зуррийатина қуррата а’йун» дұғасын оқу өте игі. 

Бала үшін жасалатын арнайы дұғалар мен тілектер:

Имандылық пен тура жол: "Я, Аллаһым! Балаларымның жүрегіне иман нұрын сал, оларды тура жолдан адастырма, күнәлі істерден сақта".

Денсаулық пен амандық: "Я, Аллаһым! Балаларымды барлық пәле-жаладан, ауру-сырқаудан, тіл-көзден Өзің сақта, оларға ұзақ ғұмыр және тәніне саулық бер".

Ілім мен көркем мінез: "Я, Раббым! Балаларыма пайдалы ілім, ақыл-парасат бер, мінездерін көркем ет, оларды адамдарға пайдасы тиетін тұлғалардан қыл".

Ризық-несібе: "Я, Аллаһым! Балаларымның несібесін халалдан бер, кедейліктен, жалқаулықтан сақта, оларды елге масыл емес, қолұшын беретін жомарт ет". 

 

материал «Таңдаулы дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: