05
Жексенбі,
Сәуір

һижри

Пітір садақасын кімге берсе қабыл болады?

Пітір садақасын кімге берсе қабыл болады?

Ислам тарихы

Садақаны мұқтаж адамның қажетін өтеу үшін алдын ала немесе айт күні айт намазына дейін берген дұрыс.

Пітір садақаны Құранда айтылған жағдайы жоқ жандарға, ештеңесі жоқ міскінге, зекет жинауға тағайындалған белгілі адамдарға, қарызға батқандарға, Алла жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға, қаржылары бітіп, жолда қалған жолаушыларға беріледі. Әке-шешесіне, ата-әжесіне, әйеліне, өзінің ұл-қыздарына, олардан туған немерелеріне садақа беру дұрыс емес.

Бірақ пітір садақаны алдымен өз туыстарына, ағайындарына, көршілеріне бергені абзал. Одан артылып жатса немесе беретін жері болмаса, мешітке апарып берсе де болады. Бұл үрдіс бізде бұрыннан қалыптасқан. Мешіт оны мұқтаж жандарға үлестіреді және дін жолында пайдаланады.

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: