15
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Ризық деген – тек ақша ғана емес

Ризық деген – тек ақша ғана емес

Ислам тарихы

Ризық деген тек ақша емес. Бәлкім, ол – иман, ата-ана, көркем мінез, денсаулық, уақыт, салиқалы жар, адал дос, пайдалы білім. Шынайы ризық – барлығын бағалай білетін жүректе жатыр.

Материалдық игіліктерді біз ризық дейміз. Дәл осы материалдық игіліктер бізді қатты мазалайды, көп әуреге салып, қателікке ұрындырып жатады.  Мұсылманның материалдық емес, яғни рухани құндылықтары болуы керек ең алдымен. Хадисте: «Дүниені жақсы көру – бар қиындықтың бастауы»-деген. Шынында адам үшін шынайы құндылық не?  Ең алдымен «ризық» сөзін толық түсініп алайық. Құранда: «Бұл кітапта күмән жоқ. Ол бес уақыт намаз оқып, өздеріне Мен бергеннен жұмсайтындарға жол көрсетеді»-делінеді. «Ризық» сөзінің мағынасы кең.

Көпшілгіміз «ризық» дегенді байлық, дүние-мүлік деп қана түсінеміз. Бұл мүлде қате пікір. Ризық – бұл Алла Тағаланың өзінің құлдарына беріп жатқан барлық жақсылығы. Бұл материалдық та, рухани да игілік болуы мүмкін. Бізге Алла берген несібенің бәрі біздің ризығымыз. Әрине бұл игіліктердің арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Ризықты тек Алла береді. Құрада: «Мен адамдар мен жындарды өзіме құлшылық етсін деп қана жараттым. Мен олардан сыбаға сұрамаймын, Мен олардан тамақ әкелуін талап етпеймін. Шынында Алла несібе беруші»-дейді. Ризықтың екі түрі болады: анық және жасырын.

Анық ризық – бұл біз ішіп-жейтін, ауқаттанатын азық-түлік, тамағымыз, қолданатын дүние-мүлкіміз. Ал жасырын ризық Алланы тану, Алламен байланыста болу, Алланың сенің жүрегіңді толтыратын нұры. Ризықтың бірінші түрі осы өмірде қалса, екіншісі о дүниеде бізге мәңгілік өмірдің бақытын сыйлайды. Мұсылман мен мұсылман емес адамның несібеге көзқарастары екі бөлек. Мүмін несібе-ризықты Алланың беретінін біледі, сенеді. Құранда: «Жер бетінде Алланың несібе бермеген жаратылысы жоқ» -делінеді. Адам баласы ғана емес, бүкіл жаратылыс несібесін Алладан алады. Ал мұсылман емес адам несібеге «өзім қол жеткіздім» деп есептейді. Бұл әрине шайтанның азғыруынан айтылатын сөз.

Материалдық игілік – жаман да емес, жақсы да емес. Оның жақсы не жаман болуы оны адамның қалай қолданатынына байланысты. Егер адам Алласын ұмытпай, тура жолдан таймай сол материалдық игілігінің өзін Алланың ризалығы үшін деп пайдаланса қайыры болмақ. Ала егер ол дүние адамды ашкөздікке, алаяқтыққа және т.б. жаман істерге жақындатар болса онда қайырсыз болғаны. Сол себепті де ризық-несібені адал жолмен, рұқсат етілген амалдармен іздеу керек.

 

материал «Ризық» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: