14
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Кішіпейілдің – абыройы асар, тәкаппардың – құты қашар

Кішіпейілдің – абыройы асар, тәкаппардың – құты қашар

Ислам тарихы

Адамның сыртқы келбеті қаншалықты сұлу болғанымен, оның шынайы болмысы мен ішкі руханияты тек әдептілік арқылы ғана көрініс табады. Әдептілік – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің жиынтығы әрі рухани кемелдіктің айқын белгісі. Ол жай ғана қоғамдық ережелерді сақтау емес, ол – өзгелерге деген терең құрмет, кішіпейілділік және парасаттылық. 

Әдепті, тәрбиелі адам қаншалықты атақ, мансап, дәрежеге жетсе де ешуақыт тәкаппарлық, менмендікке салынбайды.

Жемісті талдың жемісі көбейген сайын, оның бұталары иіле түсетіндігі сияқты ол да атақ-дәрежесі өскен сайын өзін өзгелерден төмен ұстауға тырысады. Ал Алла Тағаланың берген нығметіне шүкір етпей, сол арқылы өзін өзгелерден жоғары көріп, өркөкіректікке салыну жақсы іс емес. Ахмед Иүгінеки бабамыз бұндайда: «Кішіпейілдің – абыройы асар, тәкаппардың – құты қашар», – деген.

Ібілістің де лағынетке ұшырауына оның такаппарлығы себеп болғандығы турасында Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресі, 34-аятында: «Сол уақытта періштелерге: «Адамға сәжде етіңдер» дедік. Сонда олар дереу сәжде етті. Бірақ Ібілісбас тартыптәкаппарланып қарсы келушілерден болды», – деп айтқан.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жүрегінде мысқалдай тәкаппарлығы бар адам жәннатқа кірмейді», – деген (имам Мүслим).

Алла Тағала қасиетті Құранның «Лұқман» сүресі, 18-аятында Лұқман Хакімнің өзінің ұлына: «Адамдардан жүзіңді кері бұрма әрі жер бетінде кердеңдеп жүрме. Ақиқатында, Алла әрбір өркөкіректі әрі мақтаншақты жақсы көрмейді», – деп, өсиет айтқандығын баяндаған.

 

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: